Көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі, профессор Бақир Яхияұлы Баяхуновтың дүниеден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, әріптестері мен шәкірттеріне көңіл айтты.
Бақир Яхияұлы бар ғұмырын музыка өнеріне арнап, отандық композиторлық мектептің дамуына елеулі үлес қосты. Қазақтың музыкалық мұрасын, Шығыс халықтарының әуен-сазын еуропалық академиялық музыка дәстүрімен шебер ұштастырған туындылары еліміздің рухани қазынасын байытты.
Ұлағатты ұстаз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қырық жылдан астам еңбек етіп, бірнеше буын кәсіби музыкант тәрбиеледі. Ол шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, өнердің қадір-қасиетін ұғындырып, шығармашылық жолда бағыт-бағдар көрсетті.