Бүгін қай қалада ауа сапасы төмендейді

Бүгін, 06:36 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

9 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Атырау Ақтау, Ақтөбе және Орал қалаларында, түнде Жезқазған қаласында күтіледі.

Бұл турлы Қазгидромет хабарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.