Шымкентте көлік көшенің қақ ортасында өртеніп кетті

Бүгін, 21:10 / Жамбыл Жайлау
t.me/qr_tjm

Шымкентте жеңіл автокөлік өртеніп, оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Рысқұлов пен Жолан батыр көшелерінің қиылысында болған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірген.

"Өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр", – деп хабарлады ТЖД.

Қазіргі уақытта көліктің неден өртенгені анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге көліктегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертті.

Тэгтер:

Шымкент көлік