Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне бірқатар шартты орындау қажет екенін еске салады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мамандар көлік иелеріне:
- автокөлікті техникалық байқаудан уақытылы өткізуді;
- электр жабдықтарын тек мамандандырылған орталықтарда орнатуды;
- жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында үнемі ұстауды;
- қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылауды;
- көлікте бөгде және тез тұтанатын заттарды сақтамауды;
- жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдауды ескертеді.
Еске сала кетейік, 6 қазан күні Астанада автотұрақта тұрған бес көлік өртеніп, бір адам ауыр жарақат алған еді.