ТЖД Көкшетау тұрғындарына үндеу жасады

Бүгін, 11:26 / Інжу Әлихан
Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті қалада өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтетінін мәлімдеп, тұрғындарды алаңдамауға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары! 8 қазанда сағат 16:00-де Көкшетау қаласы Валиханов көшесі 193А мекенжайында өрт-тактикалық оқу-жаттығу (ӨТЖ) өткізіледі.

Іс-шара оқу-жаттығу мақсатында өткізілетінін хабарлаймыз. Сабырлық сақтауларыңызды және алаңдамауларыңызды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!», – делінген хабарламада.