Астанада автотұрақта тұрған тағы бір көлік өртеніп кетті

Бүгін, 11:21 / Алуа Арман
видеодан скриншот

7 қазан күні кешке Астананың Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде автотұрақта тұрған жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

— Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі көлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Еске салайық, 6 қазан күні Сарайшық ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің маңындағы автотұрақта бес жеңіл автокөлік өртенген болатын. Барлық көлікті ашық жалын шарпыған. Қатты желдің салдарынан өрт жақын маңда тұрған көліктерге тез тараған. Бір адам жансақтау бөліміне түскен.

Тэгтер:

Автокөлік өрт автотұрақ