Шымкентте құбыр құдығына түскен екі жас жігіт уланып, көз жұмды

Бүгін, 10:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкентте құбыр тарту жұмыстары кезінде екі жұмысшы қаза тапты. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 20-22 жастағы екі жұмысшы құдықтың ішінде жиналған ауа құрамындағы улы заттан уланып, қайтыс болған.

— Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар белгіленіп жатыр, — деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Бұған дейін БАҚ-та Шымкентте 2026 жылдың алғашқы алты айында 19 жазатайым оқиға тіркелгені хабарланған болатын.

Тэгтер:

Шымкент жұмысшы жас жігіт құдық Құбыр