Алматы тұрғыны автобуста жолаушыларға пышақ кезеп, жанжал шығарған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның қоғамдық көлікте айналасындағыларға қауіп төндіргені туралы полицияға хабарлама түскен.
Ер адам полиция келгенде де өзін агрессивті ұстап, заң талаптарына бағынбаған.
Полицейлер 38 жастағы жолаушының пышағын тәркілеп, бөлімшеге жеткізді.
Сот шешімімен ол 12 тәулікке қамауға алынды.