Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 07:21 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

8 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы және Атырау қалаларында күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.