Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдесіп, турнирді бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жарыстың шешуші кезеңіне дейін жетіп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алған.
Қола медаль үшін өткен белдесуде Жұбаназар Әзербайжан өкілі Омар Раджаблимен кездесті.
Тартысты бәсекеде қарсыласы басым түсіп, Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатының жүлдесінен бір қадам жерде тоқтады. Нәтижесінде ол жарысты бесінші орынмен тәмамдады.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Шерзод Давлатов әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.