Полиция қызметкерлері қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында мейрамханалардың бірінің маңындағы құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
34 жастағы қала тұрғыны Бунедбек Юлдашев тойдан шығып, сигналды тапаншамен аспанға оқ атып, айналасындағыларға қауіп төндірген.
Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Одан бөлек, түнгі тыныштықты бұзу және қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану деректері бойынша айыппұл салынды.
Полиция ескертеді: қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын кез келген әрекет заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.