Маңғыстауда балықтан уланған 9 жастағы бала көз жұмды

Бүгін, 17:35 / Алуа Арман
istockphoto.com

Маңғыстауда балықтан уланып, жансақтау бөліміне жатқызылған 9 жастағы бала қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Баланың қайтыс болғанын оның туыстары растады. Олардың айтуынша, бала 6 қазанда жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Баланы ауруханаға жатқызған әкесінің жағдайы тұрақтанды. Отбасының тағы екі ересек мүшесі облыстық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр.

Медициналық мекеме әзірге жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Еске салайық, 17 қыркүйекте Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында бір отбасының төрт мүшесі балық жеген. Келесі күні кешке олардың бойында ботулизмге тән алғашқы белгілер пайда болған.

19 қыркүйекте олар медициналық көмек алу үшін Мұнайлы аудандық ауруханасына жүгінген. Кейін облыстық ауруханаға ауыстырылған. Ал медициналық көмекке кейінірек жүгінген 5 жастағы бала емделіп, үйіне шығарылған.

Кейін балықтан уланып, Ақтауда ауруханаға жатқызылған 9 жастағы баланың туыстары да медициналық көмекке жүгінген.

Тэгтер:

улану Бала балық Маңғыстау