Джеки Чан түскен фильмнің Қазақстандағы түсірілімі аяқталды

Бүгін, 17:31 / Інжу Әлихан
Мәдениет және ақпарат министрлігі

6 қазанда Астанада жоба авторларының, Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақовтың және басты рөлді сомдаған Джеки Чанның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған фильм – қазақстандық Salem Entertainment компаниясының алғашқы халықаралық жобасы. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытайдың мемлекеттік China Film Group Corporation кинокомпаниясының қолдауымен түсірілді. Түсірілім Алматы қаласында, Алматы және Маңғыстау облыстарында өтті

Басты рөлді сомдаған Джеки Чан Қазақстандағы түсірілім жұмыстары туралы айтып, осы жобаның ерекшелігіне тоқталды.

Баспасөз конференциясында Қазақстанда халықаралық фильмдер түсіруге қажетті жағдай мен еліміздің осы бағыттағы әлеуеті сөз болды. Қатысушылар шетелдік түсірілім топтарын қызықтыратын табиғи аймақтарды атап өтіп, Қазақстанда халықаралық киножобаларды көбейтудің жолдарын талқылады.

Фильм халықаралық прокатқа шығады. Жоба Қазақстанның туристік және мәдени әлеуетін шетелге танытып, елімізде халықаралық фильмдердің көбірек түсірілуіне ықпал етеді.