Полиция ЖСН-ді өзгертуге қатысты тараған ақпаратқа түсінік берді

Бүгін, 16:58 / Інжу Әлихан
ІІМ

Әлеуметтік желілерде ЖСН-ді (Жеке сәйкестендіру нөмірі) өзгертуге болады деген ақпарат тарап жатыр. Ішкі істер министрлігі аталған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Азаматтар заңнама талаптарына сәйкес, уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің аты-жөнін және басқа да дербес деректерін өзгертуге құқылы.

Алайда ІІМ нақтылағандай, ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді", – делінген хабарламада.