Шымкенттегі тойханада 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды

Бүгін, 16:43 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Шымкенттегі тойханалардың бірінде 13 жастағы бала қайтыс болды. Қалалық полиция департаменті қайғылы жағдайды растады, деп хабарлайды turkystan.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген. Бала тойханада жұмыс істеген.

 «Анықталғандай, жасөспірімнің өлімі ауруына байланысты болған. Сонымен қатар, тексеру барысында анықталған еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша тойхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген Шымкент қалалық полиция департаменті.

Марқұмның ата-анасы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаментіне шағым түсірмеген. Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, 14 жасқа толмаған баланың еңбек шарты бойынша жұмыс істеуіне жол берілмейді. Ал 14 жасқа толған жасөспірім ата-анасының келісімімен оқуына зиян келтірмейтін жеңіл жұмыс атқара алады.