Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
Корея Республикасының бірнеше мыңдаған азаматы елдегі президент сайлауына мерзімінен бұрын дауыс беруге қатысты. Ұлттық сайлау комиссиясы (ҰСК) хабарлағандай, жергілікті уақытпен таңғы сағат 9-да 590 мың адам арнайы жәшіктерге бюллетеньдерді салды, деп хабарлайды ТАСС.
«5 мамырға дейін жалғасатын мерзімінен бұрын дауыс беруге көптеген сайлаушылар қатысады деп күтілуде», - деп атап өтті ҰСК. 2014 жылы өткен жергілікті сайлауда елде тіркелген 42,4 млн адамның 11,5 пайызы немесе сайлауға келгендердің 20,2 пайызы алдын ала дауыс берген еді. Барлық бюллетеньдер мөр басылған сейфтерде сақталып, 9 мамыр күні кешке президент сайлауы аяқталғаннан кейін ашылады. Жоғары мемлекеттік лауазым үшін 13 үміткер күресіп жатыр. Тіркелген кандидаттардың екеуі сайлауалды жарысқа қатысудан бас тартқан.