Әзірбайжан астанасында дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының 4-жарыс күнінің жартылай финал белдесулері өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) бұл кезеңде тағы бір Әзірбайжан өкілі Зелим Цкаевпен белдесті. Кездесу нәтижесінде жергілікті палуан басым түсіп, ақтық сынға шықты.
Ал Абылайхан бүгін кешке қола медаль жолында кезекті Әзірбайжан өкілі Омар Раджаблимен күш сынасады. Финалдар Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.