Президент «Лукойл» компаниясының негізін қалаушысымен кездесті

Бүгін, 16:27 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің қорытындылары және таяу жылдарға арналған жоспары таныстырылды.

Кездесуде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланды.