Абай облысында мас күйінде трактор жүргізген азамат қамауға алынды

Бүгін, 14:54 / Алуа Арман

Семей – Курчатов автожолында полиция қызметкерлерінің назарын тасжол бойымен қозғалып келе жатқан трактор аударған. Жүргізуші куәлігі жоқ ер адам техниканы алкогольдік мас күйде басқарған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция тракторды тоқтатқаннан кейін жүргізуші өзімен бірге құжаттары жоқ екенін айтқан. Тексеру барысында оның көлік құралын басқару құқығы мүлдем болмағаны анықталды.

Трактор тізгінінде Жарма ауданының 42 жастағы тұрғыны Нұржан Кұсманов болған. Медициналық куәландыру оның орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғанын растады.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 20 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Тэгтер:

Семей Мас Абай облысы жүргізуші тасжол трактор