Махаббат Есен «NS Радиосының» директоры болып тағайындалды

Бүгін, 14:20 / Інжу Әлихан

Телевидение, радио және стратегиялық коммуникациялар саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар қазақстандық журналист әрі медиаменеджер Махаббат Есен «NS Радиосына» директор болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Махаббат Есен – қазақстандық журналист және медиаменеджер. Кәсіби қызметі жылдарында ол телевидение мен радио саласында жұмыс істеп, стратегиялық коммуникациялармен және медиажобаларды басқарумен айналысқан.

Ол – Fowler International Academy халықаралық коучы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қауымдастырылған профессоры және «Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының үздігі» кәсіби төсбелгісінің иегері.

Білімі мен оқытушылық қызметі

Махаббат Есен – журналистика бакалавры, менеджмент магистрі және Doctor of Business Administration (DBA) бағдарламасының докторанты.

Бизнес-мектептер мен университеттерде шақырылған лектор ретінде дәріс оқиды, сондай-ақ стратегиялық коммуникациялар, медиаменеджмент, ораторлық өнер (жиналыстарда сөйлеу) және көшбасшылық саласында эксперт әрі оқытушы болып табылады.

Сонымен қатар, Махаббат Есен - ұлттық және халықаралық медиа, мәдени-ағартушылық жобалардың авторы әрі продюсері, UNESCO Clubs Kazakhstan елшісі.

Ірі медиажобалары

Әртүрлі жылдары Махаббат Есен ірі салалық жобалар мен алаңдардың ұйымдастырушысы әрі модераторы болды. Олардың қатарында:

Теле және радиожурналист ретінде ол ең ірі ұлттық және халықаралық оқиғаларда, соның ішінде EXPO 2017, Academy Awards (Оскар) және Eurovision Song Contest жобаларында жұмыс істеді.

«ШҮКІР» кітабының авторы

Махаббат Есен – "ШҮКІР. Как быть счастливым по-казахски” кітабының авторы. Туынды қазақтың шүкіршілік философиясына, мәдени естелікке, отбасылық құндылықтарға және заманауи адамның өз тамырымен байланысына арналған.

Оның кәсіби қызығушылықтарының аясына медиаменеджмент, стратегиялық коммуникациялар, радио мен digital-медианы дамыту, көшбасшылық, білім беру және мәдени-ағартушылық жобалар кіреді.

«NS Радиосы» туралы:

«NS Радиосы» - 1995 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстандағы алғашқы коммерциялық радиожелі. Алғашқы эфирі 6 наурызда Алматы қаласында таратылды. Хабар тарату жылдарында ол музыкалық және ойын-сауық бағдарламалары, авторлық жобалар, жаңалықтар шығарылымы және тыңдармандармен интерактивті эфирлері арқылы танымал болды. Бүгінде радиостанция тәулік бойы хабар таратып, елдің 70 ірі елді мекенін қамтиды. 2025 жылы «NS Радиосы» өзінің 30 жылдығын атап өтті.