Ұлытау облысында 9 мыңнан астам тұрғын әлеуметтік төлем алмаған

Бүгін, 12:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ұлытау облысының прокуратурасы әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға көмек көрсету кезінде олардың құқықтарының шектелгенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Біржолғы төлемдер белгіленген тізбеге енгізілген 11 аурудың тек 3 түрі бойынша ғана тағайындалған. Қалған аурулары бар азаматтар мұндай қолдауды алмаған. 

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде нормативтік құқықтық актілер қайта қаралып, көмек алушылардың қатары кеңейтілді. Нәтижесінде Ұлытау облысының 9 мыңнан астам тұрғыны біржолғы әлеуметтік төлем алады.

Тэгтер:

Әлеуметтік төлем теңге Төлем Ұлытау облысы