Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Құрылтайдың жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов баяндады.
«Құрылтай ҚР Конституциясының 55-бабының 4-тармағына және 56-бабының 12) тармақшасына, сондай-ақ Құрылтай Регламентінің 255-тармағына сәйкес Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады», – делінген ақпаратта.