Елордада қоғамдық көлікте тәртіп бұзған жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Анықталғандай, 52 жастағы Абдулла Ташматов маршруттық автобуста келе жатып, насыбай қалдықтарын аяқ астына тастап, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Сондай-ақ жолаушылардың ескертулеріне құлақ аспаған.
Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау және айналадағы адамдарға құрметпен қарау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Белгіленген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.