7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Елдің батысы, солтүстік-батысы мен орталығында жаңбыр жауса, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар күтіледі.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді. Солтүстікте бұрқасын, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал. Кей жерлерде тұман түседі.
Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, түнде Алматы және Қызылорда облыстарының солтүстігінде, сондай-ақ Түркістан облысының таулы аймақтарында топырақ бетіндегі температура 1 градусқа дейін төмендейді.
Жетісу облысының солтүстігінде және Жамбыл облысының таулы аймақтарында -2°С-қа дейін үсік жүреді.
Сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады.
Ал Қызылорда облысы, Ұлытау облысы, Ақтөбе және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.