"Әкем енді ғана білді": Қайрат Нұртастың қызы концертке қалай дайындалғанын айтты

6 қазан, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау әкесінің Алматыдағы мерейтойлық концертінде сахнаға қалай шыққанын айтып, қызықты жайтты бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алаудың сөзінше, оның концертте өнер көрсетуі алдын ала жоспарланбаған. Тіпті Қайрат Нұртастың өзі қызының сахнаға шығатынын соңғы сәтте ғана білген.

"Бір қызық айтайын ба? Әкем менің концертте өнер көрсететінімді енді ғана білді", – деп жазды Алау әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол сахнаға шығар алдындағы дайындықтың да өте қысқа болғанын айтты. Алау биді небәрі бір сағат ішінде жаттап үлгерген.

"Бір сағатта биді жаттап, шықтым. Сөйтіп-бүйтіп, барынша дайындалып, әдемі болып шығып алдым", – деді ол.

Концерттен кейін Алау өзін қолдаған жандарға алғыс білдіріп, сахнада түскен суреттерін жариялады.

"Кім не десе, о десін, ал мен әрі қарай жарқырай беремін. Қолдауларыңызға мың алғыс", – деп жазды ол.

Алаудың сахнадағы образы мен өнер көрсетуі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Кейбір қолданушылар оның киім үлгісіне сын айтса, енді бірі жас қызға қолдау білдірген.

Тэгтер:

әнші Қайрат Нұртас Алау