Ақмола облысында итті балтамен ұрып өлтірген тұрғынға үкім шықты

Бүгін, 17:23 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының Жақсы аудандық сотында жануарға оның өліміне әкеп келген қатыгездікпен қарағаны үшін Л-ға қатысты қылмыстық теріс қылық жасағаны бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта анықталғандай, Жақсы ауданының тұрғыны Л. өзінің бірге тұратын әйелін танысының үйінің ауласында иттің аяғынан тістеп алғанын естіп, ашуланған. Ол қолына балта алып, танысының үйіне барған. Сол жерде итті шақырып алып, оның басынан балтамен екі рет соққы жасаған.

Ветеринар дәрігердің қорытындысына сәйкес, ит алған жарақаттарының салдарынан өлген.

Сот отырысында Л. өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Л-дың кінәсі оның мойындаған жауабынан басқа, ит иесі, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, бейнежазбамен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Л-ға жазаны тағайындауда сот кінәсін мойындауын және жасаған ісіне өкінуін, сондай-ақ оның мүліктік жағдайын (жұмыс істемейді) жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп ескерді.

 Жәбірленуші азаматтық талап сотқа бермеді.

Сот үкімімен Л.-ға 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Ақмола облысы Сот ит үкім балта жануар Жақсы ауданы