Жамбыл облысында вандализмге қатысты 82 факт анықталды

Бүгін, 17:15 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қоғамдық мүлікті бүлдіру, қабырғаларға заңсыз жазба жазу, ескерткіштер мен абаттандыру нысандарына зиян келтіру – жай ғана тәртіпсіздік емес, заңмен жауапкершілік көзделген әрекет, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жамбыл облысында жыл басынан бері вандализмге қатысты 82 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Мұндай фактілер бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Вандализм үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оның ішінде заң талаптарына сәйкес жауапкершілік 14 жастан басталады.

Полиция қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады. Таза әрі көрікті орта – баршаға ортақ. Оны сақтау – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.
 

Тэгтер:

Жамбыл облысы вандализм