Интерпол Януковичті іздеуді тоқтатты

Интерпол Януковичті іздеуді тоқтатты

Интерпол Януковичті іздеуді тоқтатты
ашық дереккөзі
Интерпол Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичті іздеуді доғарды. Украина Ұлттық полициясының өкілі Ярослав Тракалоның "Украинская правда" газетіне хабарлауынша, бұл туралы ақпарат Интерполдың өзінен жеткен. Инторпол Януковичпен қоса оның ұлы Александр Януковичті де іздеуді тоқтатқан. Интерполдың Украинадағы ұлттық бюросы өзіне жеткен барлық ақпаратты бас прокуратураға берген. Іздеудің не себепті тоқтатылғаны әзірге белгісіз. 4 мамырда Киевте Виктор Януковичке тағылған мемлекетке сатқындық жасау айыбына қатысты іс бойынша алдын ала сот отырысы өтеді. Экс-президентке айып 2014 жылы ақпанда Майдан алаңында халық толқулары кезінде 100-ден астам демонстранттың өліміне байланысты тағылған. Ол толқулардан соң Украина парламенті Янкуовичті биліктен аластатқан. Янукович Ресейге қашып кеткен. Виктор Янукович қазір өзіне уақытша баспана берген Ресейде тұрып жатыр.