Шығыс Қазақстанда асфальтқа сурет салған жігіт 150 мың теңге айыппұл арқалады

Бүгін, 14:08 / Алуа Арман
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шемонаиха ауданының Рассыпное ауылында 19 жастағы жігіт асфальтқа балағат сөздер жазылған граффити салғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушыны Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің мобильді тобы профилактикалық іс-шаралар барысында анықтаған. Ол жергілікті 19 жастағы тұрғын болып шықты.

Сот анықтағандай, жас жігіт қара түсті аэрозоль бояуымен асфальтқа сурет салып, балағат сипаттағы жазу қалдырған. Осылайша, ол қоғамдық пайдаланудағы орынды қорлаған.

Жігіт өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот 35 АЕК мөлшерінде, яғни 151 375 теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Тэгтер:

Айыппұл Сурет Шығыс Қазақстан асфальт