Әсел Асқар төрт жыл бұрын шетінеген сәбиін еске алып, өкінішін жеткізді

Бүгін, 12:02 / Алуа Арман
Ғаламтор

Танымал актриса, блогер Әсел Асқар әлеуметтік желідегі парақшасында 4 жыл бұрын шетінеген екінші ұлының суреттерін жариялап, сол күндерін еске алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Төрт жыл бұрын менің өмірім «дейін» және «кейін» болып екіге бөлінді. Бүгінгі ауа-райы да сол кездегідей, дәл сол күндегідей… 5 қазан. Естеліктер жанымды ауыртып, қайта-қайта жараны тырнайды. Жыл сайын осы 5 қазанды қорқынышпен күтемін әрі одан қорқамын. Бірақ, өкінішке қарай, бұл күнді аттап өте алмайсың, одан тығыла алмайсың. Бұл – менің ауыр тағдырым ғана. Мұнда «неге?», «не үшін?», «не мақсатпен?» деген сұрақтардың жауабы жоқ. Жай ғана солай болды. Бұрын да осындай жағдайлар болған, өкінішке қарай, болашақта да бола береді. Егер мұның бәрі тағдыр болса… Төрт жылдың ішінде көп нәрсені бастан өткердім. Көз жасымның арасынан күле білуді үйрендім. Өз эмоцияларыммен күресуді, көз жасымды ішіме бүгіп қалуды үйрендім. «Қалай дұрыс өмір сүруім керектігі» туралы айтылған ақыл-кеңестерді еш эмоциясыз тыңдауды үйрендім. Көп нәрсе айтылды. Көп нәрсе естілді. Ал оның бәрі – сондай мағынасыз шу ғана. Маған сеніңіздер, жеңілдік жоқ. Және болмайды да. Жылдар өтіп, уақыт өткен сайын ауырсыну сол күйінде қалады. Тіпті одан сайын күшейіп, тереңдей түседі. Бірақ өмір жалғасып жатыр. Отырып алып жылаудың мәні жоқ. Өйткені көз жасымен ешкімді ана жақтан қайтарып ала алмайсың. Бүгін жанымда жақындарым бар. Бәрі аман, дені сау. Сол үшін Аллаға шүкіршілік етемін. Мен біртіндеп рухани әрі физикалық тұрғыдан қалпыма келіп жатырмын. Мұны өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Бірақ, шынымды айтсам, бұл өте ұзақ жол болып шықты», – деп жазды ол.

Тэгтер:

блогер Актриса Әсел Асқар