Астанада тұрақта тұрған 5 көлік жанып кетті

Бүгін, 09:00 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Астана қаласы Сарайшық ауданы Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде, көліктердің барлығы ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан жалын бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел түрде сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қатты жел кезінде оттың таралуы өте жылдам болуы мүмкін. Өрт белгілерін байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.