Түркияда алып сегізаяқ жасөспірімді су астына сүйреп кете жаздады

5 қазан, 2026 / Жамбыл Жайлау
pexels.com

Түркияның Бодрум қаласында демалып жүрген ресейлік жасөспірімге алып сегізаяқ жабысып, оны су астына сүйреп кете жаздаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға бала суға шомылып жүрген кезде болған. Мәліметке сәйкес, сегізаяқ жасөспірімнің денесіне сорғыштарымен жабысып қалған.

Жасөспірім моллюсканы өздігінен ажыратып үлгерген. Сегізаяқ қайтадан суға қарай кетуге әрекеттенген кезде, ол оны жағаға шығарып, әкесіне көрсеткен.

Оқиғадан кейін жас турист медициналық пунктке жеткізілген. Дәрігерлер оның денесіндегі сегізаяқтың сорғыштарынан қалған іздерді тексерген.

Жасөспірімнің жағдайы жақсы болғандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Келесі күні ол қайтадан теңізге шомылуға барған.

Оқиға әлеуметтік желіде де қызу талқыланып, демалушыларға теңіз жануарларына жақындағанда сақ болу қажеттігі ескертілді.