Алматыда екі әйел арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты

Бүгін, 20:49 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/almaty.police

Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінде екі әйел арасында басталған жанжал жаппай төбелеске ұласты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Түрксіб ауданындағы көңіл көтеру орындарының бірінде түнгі уақытта болған. Алдымен екі әйел сөзге келіп, кейін төбелеске өзге келушілер де араласқан.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жанжалды тоқтатты.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жанжалды тоқтатты. Барлық қатысушы мән-жайды анықтау үшін Түрксіб аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысушылар алкогольдік мас күйде болған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ әр қатысушының рөлі мен кінә дәрежесі анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Қазір тергеу жалғасып жатыр.

Тэгтер:

Алматы төбелес