“Жақсы жұмыс істесе де”: компаниялар ұжымның күйін қашыратын қызметкерлерден бас тарта бастады

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат

Компаниялар жұмысқа қабылдау кезінде кәсіби дағдылармен қатар қызметкердің мінез-құлқы мен командалық ортаға ықпалын да ескере бастады. Forbes жазуынша, кейбір ұйымдар жоғары нәтиже көрсетіп, компанияға көп табыс әкелетін, бірақ әріптестерімен қарым-қатынасы нашар қызметкерлермен де қоштасуға дайын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұмыс берушілер енді үміткердің кәсіби білімі мен тәжірибесінен бөлек, оның әріптестері мен клиенттерге құрметпен қарайтынына, командамен жұмыс істей алатынына назар аударады.

Сондай-ақ қызметкердің жеке ұстанымдарының компания құндылықтарына сәйкестігі және оның жұмыс ортасына әсері маңызды факторға айналып отыр.

Яғни компаниялар үшін жеке нәтижеден гөрі, қызметкердің бүкіл ұжымның жұмыс тиімділігі мен атмосферасына ықпалы маңызды бола бастаған.

Тэгтер:

жұмыс