БҚО-да тазалық ережелерін бұзған 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Бүгін, 16:45 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Биыл жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында "Таза Қазақстан" акциясы аясында тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзуға қатысты 7 047 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның ішінде қоқысты белгіленбеген жерге тастаудың 1 036, қоғамдық орындарды ластаудың 370 және абаттандыру талаптарын бұзудың 5 641 фактісі тіркелді. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Орал қаласындағы 50 контейнерлік алаң бейнебақылау камераларымен жабдықталып, "Target EYE" жүйесіне қосылды. Жыл басынан бері камералар арқылы 41 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, кінәлілер жауапкершілікке тартылды.

Бірлескен рейдтер барысында Оралда 30 стихиялық қоқыс орны анықталып, қазіргі уақытта барлығы тазартылды.