Президент өкімімен Азамат Есқараев жаңа лауазымға тағайындалды

Бүгін, 10:19 / Інжу Әлихан
Gov.kz

Президент өкімімен Азамат Есқараев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Ол Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.