Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өте мықты саяси тұлға деп атады. Ол бұл туралы «Вести» ақпараттық порталының журналисі Павел Зарубинге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дмитрий Песков Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путин туралы айтқан сөзіне пікір білдірді.
– Президент Тоқаев – өте мықты, өте мықты саяси тұлға. Оның саяси ауқымды ресурсы бар. Болашақты саяси тұрғыдан болжай алатын, ұстанымы берік әрі дәйекті адамдар ғана осындай пікір айта алады. Басқалары бұлай айта алмайды, – дейді Песков.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлері Фридрих Мерцпен Берлинде өткен баспасөз мәслихатында Ресей басшысын күрделі тарихы бар ірі мемлекетті басқаруға қажетті қасиеттерге ие тұлға деп атаған-тын.