Шетел валютасы қанша теңгеден саудаланып жатыр

Бүгін, 08:40 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының бағамы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz мәліметінше, 4 қазанда елордадағы айырбастау пункттерінде доллардың сатып алу бағасы 445 теңге, сату бағасы 452 теңге болды.

Еуро 502-512 теңге аралығында саудаланып жатыр. Рубльдің бағамы 5,14-5,34 теңге, ал юань 65,63-70,20 теңге аралығында.

Алматыда доллар 448,94 теңгеден сатып алынып, 451,59 теңгеден сатылуда. Еуроның бағамы 503,74-508,62 теңге аралығында қалыптасты.

Қаладағы айырбастау орындарында рубль 5,07-5,20 теңге аралығында, ал юань 65,17-67,70 теңге аралығында саудаланып жатыр.