Жазғы Азиада-2026: Қазақстан құрамасы су добынан күміс жүлдеге иеленді

Бүгін, 16:51 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.

Қазақстандық су добы шеберлері финалға дейін жетіп, Жапония құрамасымен жолықты. 

Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша жапониялық спортшылар 24:7 есебімен жеңіске жетті.

Ал Қазақстан командасы 2026 жылғы Азия ойындарын күміс медальмен қорытындылады.