Президент Қасым-Жомар Тоқаев қорғаныс министрінің екі орынбасарын және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штабының бастығы лауазымынан;
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан;
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.