Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 11:39 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 3 қазанда Алматы мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Қолайсыз метеожағдайлар кезінде атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуды, әсіресе автожолдар мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуді ұсынды. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту, ал созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.