Жетісу облысында жол апатынан адам қаза тапты

Бүгін, 23:01 / Жамбыл Жайлау
Shutterstock

Жетісу облысында "Талдықорған – Үштөбе" тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты автожолдың 21-шақырымында болған. Mercedes-Benz жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан автокөлік аударылған.

Апат кезінде бір адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілген.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, жол мен ауа райы жағдайын ескеріп, көлік басқару кезінде барынша сақ болуды ескертті.

Тэгтер:

Жол апаты Жетісу