Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Молдовадан жеңілді

Бүгін, 21:33 / Жамбыл Жайлау
Алексей Сисенбин

Қазақстан футбол құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының үшінші турында Молдоваға есе жіберді. Астанада өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Астана Аренадағы" матчта есепті қонақтар ашты. Бірінші таймның қосымша уақытында Ники Клещенко алыстан дәл соққы жасап, Молдованы алға шығарды.

Екінші тайм басталғаннан кейін молдовалықтар басымдығын арттырды. Петр Попеску бұрыштама добынан кейін баспен гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Қазақстан құрамасы 64-минутта бір голдың қарымтасын қайтарды. Бауыржан Исламхан орындаған айып добынан кейін Нұралы Әліп допты қақпаға бағыттады.

Қалған уақытта Қазақстан бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есепті теңестіре алмады.

Осы нәтижеден кейін ұлттық құрама Ұлттар лигасындағы үш ойында бір ұпай жинады. Қазақстан бұған дейін Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсіп, Словакияға 1:2 есебімен жол берген.

Қазақстан құрамасының келесі кездесуі 6 қазанда Астанада Фарер аралдарына қарсы өтеді.

Тэгтер:

Қазақстан Футбол Молдова