Жазғы Азиада-2026: Таеквондошы Батырхан Төлеуғали қола жүлде иеленді

Бүгін, 16:00 / Інжу Әлихан
Спорт комитеті

Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына таеквондодан тағы бір жүлде түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

U21 әлем чемпионы Батырхан Төлеуғали жартылай финалда Хун Цзюн И екеуі кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы өткен кездесуде Тайпей өкілі 1-2 есебімен басым түсті.

Осылайша, Батырхан өзі қатысып тұрған алғашқы Азиадада 80 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.