«Жігіттер» квартетінің мүшесі, әнші Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі парақшасында отбасы және ер мен әйелдің жауапкершілігі туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі әйелдердің ажырасып, кейін бала-шағасын асырай алмай жүрген жағдайына алаңдайтынын жеткізді.
Оның айтуынша, қолында билігі болса, «коучсымақтар мен данышпансымақтардың» сөзіне сеніп, ажырасып кеткен әйелдердің бала-шағасын асырауды сол адамдардың мойнына жүктейтін еді.
«Қолымда билік болса, "коучсымақтар мен данышпансымақтардың" сөзіне сеніп, ажырасып жатқан, сөйтіп бала-шағасын асырай алмай бақытсыз болып жатқан барлық әйелдердің бала-шағасын асырауды солардың мойындарына жүктер едім», – деп жазды Ердос Қанаев.
Әнші сондай-ақ әйелінен айырылған ер азаматтардың да қайта үйленуіне байланысты шығындарды солардың мойнына жүктейтінін айтқан.
«Әйелдерінен айырылған еркектің ендігі үйленетін тойын, қызға берер қалыңмалың, бәрін солардың мойнына жүктер едім. Қияметте жауап бересіңдер», – деді ол.