«Ештеңені жасырмай-ақ қояйық»: Бақыт Тұрман эстрададағы есірткі мәселесін көтерді

Бүгін, 06:08 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әнші Бақыт Тұрман эстрададағы есірткіге тәуелділік мәселесіне қатысты жазбаға пікір білдіріп, кей өнерпаздардың концерттеріне жастардың көптеп баруын сынға алды, деп жазады turkystan.kz.

Ол қоғамда ішімдікке және есірткіге тәуелді өнерпаздардың шығармашылығына қызығушылық бар екенін айтып, жастардың концерттерге көп жиналатынын атап өтті.

«Халыққа ішімдікке салынғандар мен нашақорлардың әнін тыңдап, концертіне барған ұнайды. Ештеңені жасырмай-ақ қояйық, БАҚ, халық арасында да солай айтады. Кеше ғана бір концерт өтіп, жастардың бәрін жинады. Вокал да, би де, талант та жоқ», — деп жазды ол.