Португалия құрамасында ұзақ жылдар бойы Криштиану Роналду киіп келген әйгілі №7 жейде Рафаэл Леауға берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
UEFA-ның Данияға қарсы матчқа жариялаған ресми тізімінде Рафаэл Леау №7 нөмірмен көрсетілген. Бұған дейін ол ұлттық құрамада басқа нөмірлермен өнер көрсетіп жүрген.
Бұл өзгеріс Криштиану Роналдудың Португалия құрамасының оқу-жаттығу лагерінен күтпеген жерден кетуінен кейін болды.
41 жастағы шабуылшы бұған дейін Норвегиямен өткен кездесуде алаңға шықпаған еді. Кейін бас бапкер Жорже Жезуш Роналдудың негізгі құрамға алынбағанына көңілі толмағанын мойындағанымен, команда ішінде үлкен жанжал болғанын жоққа шығарды.
Осыдан соң Роналду Португалия футбол федерациясының президентімен сөйлесіп, құраманың лагерінен кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Ол бұл шешімнің нақты себебін кейінірек түсіндіретінін айтып, "уақыты келгенде шындықты айтамын" деген еді.
Ал Рафаэл Леау енді Данияға қарсы кездесуде Португалия құрамасының №7 жейдесімен алаңға шығуы мүмкін.