Алматыдағы Талғар асуы маңында жоғалып кеткен 1953 жылы туған шетел азаматын іздеу жұмыстары күшейтілді. Құтқарушылар оны шамамен 3200 метр биіктіктегі таулы аймақтан іздеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмыстарды Алматы қаласы ТЖД басшылығы үйлестіріп отыр.
Құтқарушылар таулы аумақтың жетуі қиын учаскелерін, шатқалдар мен беткейлерді, асулар мен шыңдарға апаратын бағыттарды тексеруде. Сондай-ақ іздеу аумағындағы су айдындары да қаралған.
Іздеу жұмыстары күрделі жер бедері, биіктік және кейбір учаскелердің қолжетімсіздігіне байланысты қиын өтіп жатыр. Соған қарамастан, құтқарушылар іздеу аумағын біртіндеп кеңейтіп, жаңа бағыттарды тексеруді жалғастыруда.
Іздеу-құтқару жұмыстарына шамамен 130 адам, 8 техника, 3 кинологиялық есептоп, 11 ұшқышсыз ұшу аппараты және ТЖМ авиациясы жұмылдырылған.
Оған қоса, Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының қызметкерлері, ТЖМ-нің "Барыс" құтқарушылары, Полиция департаменті және еріктілер де іздеу жұмыстарына қатысып жатыр.
Еске сала кетейік, 73 жастағы шетел азаматы 28 қыркүйекте топ құрамында «Шымбұлақ» аспалы жолы арқылы көтерілген. Кейін маршрутты жалғыз жалғастыратынын айтып, топтан бөлінген. Алайда қонақүйге қайтып оралмаған.
Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.