«Әділет» партиясының көмегімен ақтөбелік тұрғынның банк шоттары қайта ашылды

Бүгін, 17:37 / Алуа Арман

«Әділет» партиясының «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында  Ақтөбе қаласында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері қаралып, құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала тұрғыны Азамат Айтқалиев банк шоттарының жабылуына байланысты заң консультанты Әміржан Кушаевқа жүгінді. Бұған дейін азамат танысына қарызға берген 30 миллион теңгені өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Сот 2022 жылы оның пайдасына шешім шығарғанымен, қаражат осы уақытқа дейін қайтарылмаған.

Азаматтың айтуынша, осы жағдайдан кейін қарыздық міндеттемелеріне байланысты банк шоттарына шектеу қойылған. Заң консультантының көмегімен тұрғынның банк шоттарын қайта ашу мәселесі шешілді. Қазір ол сот шешімі бойынша тиесілі қаражатты өндіріп алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Қоғамдық қабылдауға келген І топтағы мүгедектігі бар азамат Иван Смайликов та партия өкілдеріне алғысын білдірді. Бұған дейін қоғамдық қабылдау арқылы оның үйіне ауыз су желісін тарту мәселесі шешілген. Қазір тұрғын баспанасына газ жүргізу мәселесі бойынша көмек сұрап отыр.

Айта кетейік, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясындағы қоғамдық қабылдау Ақтөбе облысының Байғанин, Ойыл, Темір және Қобда аудандары мен шалғай ауылдарда жалғасады.

Тэгтер:

Ақтөбе Әділет партиясы