Қырғызстанда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

Бүгін, 16:47 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

1 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 13:17-де (Гринвич уақытымен сағат 8:17) Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының жедел деректері мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 41,51 градус, шығыс бойлық бойынша 73,14 градус.

Магнитудасы mb = 4,9. Энергетикалық класы K = 11,2.